+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Ержан Максим «Junior Eurovision» байқауында айтатын әніне клип түсіріп жатыр

2019 жылғы 8 қазан 07:24
Бөлісіңіз:
Ержан Максим «Junior Eurovision» байқауында айтатын әніне клип түсіріп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дарынды жас әнші, «Голос дети» ресейлік тележобасының жеңімпазы Ержан Максим «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында айтатын әніне клип түсіріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар Ержан Максимді Junior Eurovision байқауына шығарып салды Junior Eurovision: Қазақстандық әншілер тікелей эфирде Ержанға қолдау көрсетеді Junior Eurovision: Ержан бүкіл түркі әлемінің намысын қорғайды – Ерлан Бекхожин

Бейнебаян Алматы қаласының көрікті жерлері мен Абай атындағы опера және балет театрында түсірілуде.

«Junior Eurovision» байқауының шарты бойынша қатысушылар еш жерде жарияланбаған 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы қажет.

«Әнім өзіме қатты ұнады. Көрермендерге, Қазақстан халқына ұнайды деп ойлаймын. Жақында тыңдап бағасын бересіздер. Техникалық жағынан қиындығы бар. Дауыс көтеретін жерлер де бар. Ауыр өлең деп айтуға да болады. Маған өзіме негізі сондай әндер ұнайды», - дейді Ержан Максим.

Клиптің авторы – украиналық режиссер Александр Фломбойм. Қоюшы –операторы көптеген қазақстандық әншілерге бейнебаян түсірген маман Станислав Ильин. Бейнебаянның мазмұны жақсылық, асқақ армандардың орындалуы жайында.

«Бұл – Ержанның алғашқы клипі. Ержан өзін түсірілім алаңында еркін ұстайды. Камерадан қорықпайды. Әннің мазмұнын ашып, тыңдарманға жеткізу үшін барымызды салудамыз», - деді қоюшы-оператор Станислав Ильин.

Түсірілім процесі барысында әншінің анасы Гүлмира Әлібек – үнемі жанында. «Кеше съемкамыз сағат 5-6-да басталған болатын. Бүгін таңғы 6-7-ге дейін түсірілімде болды. Ержан енді кішкентай бала. Қатты шаршайды. Күтімі керек арасында. Өте үлкен жауапкершілік. Ержан кішкентай болса да, оның бәрін түсініп, біліп жүр. Қобалжып жүр. Бар күшін салып, дайындалып жатыр», - деді ол.

«Junior Eurovision» халықаралық балалар ән байқауы 24 қараша күні Польшаның Гливице қаласында басталады. Жерлесіміз Ержан Максим қатысатын жас әншілер жарысын «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT