Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Ержан Максим «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы атанды

2019 жылғы 25 мамыр 02:05 3803
Бөлісіңіз:
Ержан Максим «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Бірінші арнасының «Голос. Дети» конкурсының арнайы шығарылымы тікелей эфирден көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ержан Максим өз концертіне тегін билеттер таратты Ержан Максим елордада Мүсілім Магомаевтың әнін шырқады

Бұл жолы Микелла Абрамовадан басқа финалға жолдама алғандардың барлығы өнер көрсетті.

Әуелі Пелагея, содан кейін Светлана Лободаның командасында болғандар сахнаға шықты.

Ең соңынан Валерий Меладзенің шәкірттеріне кезек келді.

Оралдық Ержан Максим «Адажио» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Шоуды қорытындылыған Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы ретінде бірінші болып Ержан Максимді атады. Содан кейін Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер  және арнайы шығарылымға қатыспаса да, Микелла Абрамова жеңімпаз болып танылды. Олардың бәріне демеуші тарапынан 1 млн рубльдің сертификаты табыс етілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ержан Максимнің суперфиналда өнер көрсетіп, екінші орын алғанын жазған болатынбыз.

Алайда кейін дауыс беру қорытындысына байланысты дау туындап,  Ресейдің Бірінші арнасы алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарған еді. Сөйтіп арнайы шығарылым көрсету жөнінде шешім қабылданды. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT