Ержан Максим «Голос.Дети» арнайы шығарылымына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Голос. Дети» шоуы алтыншы маусымының финалисі, 12 жасар қазақстандық Ержан Максим шоудың арнайы шығарылымына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаның арнайы шығарылымы Ресейдің Бірінші арнасынан 24 мамыр Мәскеу уақытымен 21:30-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 25 мамыр 00:30-да) көрсетеді.

Шоудың көрермендері «Голос. Дети» шоуының ресми YouTube-каналы арқылы тікелей эфирге қосылып, онлайн-режімде сүйікті орындаушыларының өнерін тамашалай алады.

Ержан Максим «Голос. Дети» шоуының финалында шырқаған «All by myself» әнін орындайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ресейдің Бірінші арнасы «Голос. Дети» байқауының алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарды.

«Голос. Дети» байқауының дауыс беру нәтижелеріне тексеру жүргізген Group-IB компаниясы қатысушылардың біріне автоматты түрде СМС-дауыстар жолданғанын бұған дейін тіркеген болатын.

Еске салсақ, 11 жастағы оралдық өнерпаз Ержан Максим аталмыш конкурста Валерий Меладзенің командасында өнер көрсетіп, екінші орын иеленген еді.

Авторы Кәмила Әмірова

Соңғы жаңалықтар