Ержан Максимнің елордадағы жеке концерті аншлагпен өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдегі «Голос. Дети» байқауында жарқ етіп жұлдызы жанған өреннің кеші аншлагпен өтті, деп хабарлайды Хабар 24.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2700 билет толығымен сатылған. 300-дей билет көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін таратылды. Жалпы, мерекелік кеш елорданың 21 жылдығына орайластырылған. Концертте Ержан Максим Ұлықпан Жолдасов, Ренат Гайсин, Сәкен Майғазиев сынды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерімен дуэтте ән шырқады.
Әндердің басым бөлігі патриоттық сарында. Әлемдік классика туындылары да болды. Концерттің телевизиялық нұсқасы шілденің 7-сі күні «Хабар» арнасында көрсетіледі деп жоспарланған.
«Елімізде бұрын-соңды дәл 11 жасында үлкен эстрадалық симфониялық оркестрмен жеке шығармашылық концерт беру бірінші рет болып тұр. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді ғой. Біздің Ержан кішкентай бес жасынан бастап сахнада ән шырқап келе жатыр. Әнші жас талант армандайтындай конкурстардың барлығына қатысты. Оның феномендігі ересек вокалистер орындайтын күрделі классикалық туындыларды шырқауында және соны еш қысылмай, өзінің бүкіл табиғат берген мүмкіндігін көрсетуінде деп мен ойлаймын», - деді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров.
- Қазақстанның Тұңғыш Президенті астана әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
- «Едіге» жыры әлемдік өркениеттің музыкалық мұрасына қосылуы керек
- «Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомы шығарылды
- Нұр-Сұлтанда кәсіпкерден пара алған шенеунік 42 млн теңге айыппұл төлейді
-
Рио-де-Жанейро коронавирусқа байланысты карнавалдан бас тартты
-
Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзушыларды анықтау жалғасуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам