Ержан Максим елордада Мүсілім Магомаевтың әнін шырқады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы Ержан Максим ерекше күтімді қажет ететін балалардың XIV халықаралық «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінде қонақ болып, Мүслім Магомаевтың әнін салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас әнші «Жұлдызай» жеңімпазы Алина Мұратовамен бірге ән шырқаған болатын. Екеуі Мүслім Магомаевтың «Синяя вечность» атты шығармасын орындады. Алина Мұратова - Қызылорда қаласындағы зейінінде ақауы бар балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы.

Еске салсақ, елордада «Жұлдызай» фестивалінің гала-концерті өтіп, оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар