Ержан Максим астанада оқығысы келеді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мәскеудегі «Голос. Дети» байқауында екінші орын алған Ержан Максим елордада білім алғысы келеді. Бұл туралы оның анасы Гүлмира Әлібек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, аталмыш байқаудан кейін елге оралған Ержанды Қазақстан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедұлы қабылдаған болатын.

«Министр қабылдау кезінде Ержанға «Шабыт» өнер академиясы жанынан грант бөлінетіндігін жеткізді. Енді 8 мамырда Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның қабылдауында болып, мәселені одан әрі талқылаймыз», деді Гүлмира Әлібек.

Баласының талабын әкесі Ербол Нұғманов та қолдайтындығын білдірді.

Ержан Максим елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясынан кейін қойылған концертке қатысып, онда Батыс Қазақстаннан түлеп ұшқан КСРО халық әртісі Әлібек Дінішевтің ақ батасын алған болатын.

Айта кеткен жөн, Ресейдегі байқаудан кейін атақты өнер жұлдызы Алла Пугачева Ержанды арнайы қабылдап, «Алтын жұлдызымен» марапаттады.
Алдағы қыркүйек айында Айман Мұсақожаева басшылық ететін Қазақ ұлттық өнер университетінде арнайы комиссия құрылып, Ержан вокал бойынша бір аспапта білім алатын болады. Содан кейін «Болашақ» бағдарламасымен оқуға ниетті. Ата-анасы да Нұрсұлтан қаласына қоныс аударуды көздеп отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ержан Максимнің «Голос. Дети» байқауының суперфиналында өнер көрсеткенін, шоуға байланысты дау туындағанын, қазақстандық жас әншінің МУЗ-ТВ сыйлығын тапсыру салтанатына арнайы шақырылғанын жазған болатынбыз.

Ержан Максим Димаш ағасының құттықтап, қазақша сөйлеп жүруін ескерткенін айтқан болатын.

null nullnull

Соңғы жаңалықтар