+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Ержан Максим: Арманым – Димаш Құдайберген мен Андреа Бочеллимен бірге ән салу

2019 жылғы 27 қараша 13:51
Бөлісіңіз:
Ержан Максим: Арманым – Димаш Құдайберген мен Андреа Бочеллимен бірге ән салу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында екінші орын алған қазақстандық әнші Ержан Максим арманын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Андреа Бочеллимен бірге ән салғым келеді. Басқа да атақты адамдармен, мәселен Лара Фабианмен, Селин Дион мен Димаш Құдайбергенмен бірге ән айту – менің арманым», - деді ол министр Ақтоты Райымқұловамен кездескен жиында.

Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрі Ержан Максимге алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Ержан оқуын жалғастырады. Кәсіби тұрғыда да, тұлға ретінде жетіле береді. Адамның даусынан-ақ қандай тұлға екенін аңғаруға болады. Кәсіби табысымен бірге Ержан ғылымды да меңгеріп, көп оқып, шынында да мықты әнші бола берсін деп тілеймін», - деді ол.

Еске сала кетсек, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алған болатын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді ән байқауындағы жүлдесімен құттықтады.

Фото: admin.bugin.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT