+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

2021 жылғы 20 қазан 10:56
Бөлісіңіз:
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында мәдениет үйі пайдалануға берілді ҚХА мүшелері қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап жатыр Нұр-Сұлтанда Әбу Насыр әл-Фарабиге ескерткіш қойылды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер болып бастаған.

Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.

2009-2013 жж. — «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры.

2013-2016 жж. — «Медеу» спорт кешенінің бас директоры.

2016-2019 жж. — Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры.

2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT