Ержан Балтаев БҚО әкімінің орынбасары болды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және БҚО әкімінің өкімімен Ержан Талғатұлы Балтаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ержан Балтаев 1983 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қазақстан-Британ техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану, Ұлыбританияның Абердин университетін әкімшілік іскерлік мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың маманы болып бастады.

Әр жылдары «CAPS Distribution» компаниясында заңгер, ТАИБ Қазақ банкінде заңгер, департамент директоры, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы жобаларында ұлттық менеджер, бағдарламалардың үйлестірушісі, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында басқарма төрағасы, ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті басқармасының басшысы, «ҚПО Б.В.» компаниясында жоба басқарушысы, «TENDEU» Халықаралық арбитраж агенттігінің директоры, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

2021 жылдан бері Астана қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Ержан Балтаев кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, құрылыс, қаржы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның энергетика басқармасына жаңа басшы келгенін жазған болатынбыз.

Фото: БҚО әкімдігі


Соңғы жаңалықтар