Ерұлан Жамаубаев мемлекет қарызына қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет борышын басқару мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет борышының өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен және маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты болды. Дегенмен, бүгінгі таңда мемлекет борышы қауіпсіз деңгейде сақталып, жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4 пайызды құрайды», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша қарызды басқаруды одан әрі жетілдіру үшін тиісті шаралар қабылданады. Біріншіден, бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаятын болады, бұл борыштың өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді. Екіншіден, әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру нәтижесінде салық түсімдерін біртіндеп ұлғайту жоспарланып отыр. Үшіншіден, қарыз алу кезінде ішкі нарықтың өтімділігі барынша пайдаланылатын болады.

«Бұдан басқа, заңнамада сыртқы қарыз қаражатын уақытылы игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу жөнінде норма қабылданғанын атап өту қажет. Жалпы, Үкімет жүйелі түрде мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың борышын қалыптастыруға және басқаруға бақылауды күшейтетін болады», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар