+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Ерұлан Жамаубаев бөлінген қаржыны игере алмаған министрліктерді атады

2021 жылғы 12 сәуір 11:45
Бөлісіңіз:
Ерұлан Жамаубаев бөлінген қаржыны игере алмаған министрліктерді атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1-тоқсанында 3 министрлік республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны иегере алмады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджет кірістері бойынша есеп берді Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 3,7% азайды Жыл басынан бері Алматы бюджетіне 1,1 млрд теңге түсті

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,5, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,8, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,1 пайызға атқарылды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бюджеттердің барлық деңгейлерінде атқарылу көрсеткіші жоғары. Республикалық бюджет бойынша сомасы 3,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 4 млрд теңге - үнемдеу. 3 млрд теңге игерілмеген», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның атап өтуінше, игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Қаржы, Мәдениет және спорт, Әділет министрліктері және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде қалыптасып отыр.

«Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу және уақтылы өткізбеу, төлем нақты көрсетілген қызмет, жұмыс көлемі бойынша жүргізілуі, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау, сотта мемлекеттің мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмыстарының жүргізілуі», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT