Ерұлан Жамаубаев әйелінің Қазақстан даму банкі аппарат басшысы болып тағайындалуына пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жұбайының Қазақстан даму банкінің аппарат басшысы болып тағайындалуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әйеліңіздің Қазақстан даму банкінің аппарат басшысы болып тағайындалғаны рас па? Сіз «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің мүшесісіз. Ал Қазақстан даму банкі осы холдингке қарайды. Бұл жерде мүдделер қайшылығы жоқ па?» деп сұрады журналист Үкімет кулуарында.

Вице-премьердің сөзіне қарағанда, бұл мәселе ең бірінші кезекте пысықталған.

«Ол рас. Мен «Бәйтеректен» арнайы ақпарат алдырдым. Заңгерлер түгел тексерді. Бұл жерде ешқандай да мүдделер қақтығысы жоқ. Аппарат басшысы басқарма мүшесі болып табылмайды. Яғни, ол ешқандай саяси шешім қабылдамайды. Ол «Бәйтеректің» өзінде емес, еншілес ұйымында жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай мүдделер қақтығысы жоқ», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Фото: t.me/Kzgovernment





Соңғы жаңалықтар