Ерұлан Жамаубаев 3 жылдық бюджеттің әлеуметтік шығыстарын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 жылдық бюджетте әлеуметтік шығыстар көлемі 26,8 млн теңге болады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың әл-ауқатын арттыру – басты басымдықтың бірі. Оны бюджеттің әлеуметтік шығыстарының өсу динамикасы көрсетіп отыр. Мәселен, осы бағыт бойынша үшжылдық кезеңдегі шығыстар 26,8 трлн теңгені, оның ішінде 2022 жылы - 8,1 трлн теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінің 50,8 пайызын құрайтын болады. Әлеуметтік көмекке және қамсыздандыруға 13,4 трлн теңге, оның ішінде келесі жылға 4,3 трлн теңге жоспарланған. Оның 94 пайыз зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы қаржылай өтемақы төлеуге арналған», - деді «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы туралы баяндаған Ерұлан Жамаубаев.

Министр дерегінше, денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2022-2024 жылдары 5,7 трлн теңгені, оның ішінде келесі жылы 1,8 трлн теңге болмақ. Осы қаражат аясында медицина қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға шығыстар көзделген.

«Білім және ғылымды дамытуға бюджет жобасында 7,0 трлн теңге, оның ішінде 2022 жылға 1,8 трлн теңге көзделген», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бюджет шығыстарының келесі маңызды бағыты - экономика салаларын қолдау және дамыту.

«Үш жылдық кезеңде осы мақсаттарға 3,6 трлн теңге, оның ішінде 2022 жылға 2 трлн теңге қарастырылған. Осы бағыт есебінен көлік инфрақұрылымын дамыту, халықтың әлеуметтік тұрғын үйлер салу, таза ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету, бизнесті қолдау және басқа да басым міндеттерді іске асыру жоспарланып отыр. Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен құқық тәртібін қамтамасыз етуге үш жылға 4,5 трлн теңге, ал 2022 жылға 1,7 трлн теңге көзделген»,- деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар