«Ертістің» футболшысы Беларусь құрамасына шақырту алды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының футболшысы Сергей Кисляк Беларусьтің футбол командасының құрамында Венгрия мен Финляндияға қарсы екі жолдастық кездесуге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарлық команданың жартылай қорғаушысы Беларусь елінің ұлттық құрамасына кезекті шақырту алды, деп хабарлайды «Ертіс» футбол клубының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, клубта бас бапкер Игорь Криушенко екі жолдастық кездесу өткізетіні жайлы айтылып кетті.

«Венгрияға қарсы ойын Брест қаласында өтеді, кейін Беларусь құрамасы 9 маусымда Тампер қаласында өтетін Финляндияға қарсы сырт алаңдағы ойынға аттанады», деді баспасөз өкілдері.

Соңғы жаңалықтар