Ертістегі қайғылы жағдай: Суға батқан екі баланың біреуі құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде 10 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан мәлім еткендей, балалар «Пасека» шаруа қожалығы маңында Ертіс өзенінің сағасында шомылып жүрген.

«7 және 10 жасар екі бала ағыспен ағып кетіп, көмекке шақырған. Жақын маңда жүргендер 7 жасар баланы судан алып шыққан, ал 10 жасар бала ағыспен ағып кетті», - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнына келген құтқарушылар баланың денесін ұзақ іздеген, себебі қайғылы жағдай дәл қай жерде болғанын ешкім көрсете алмаған. Оның мәйіті суға батып кеткен жерден 150 метр қашықтықтан табылып, полицияға берілді.

ТЖД баспасөз қызметі осы жылдың статистикасын хабарлады – облыс бойынша 7 бала суға батып кеткен. Өскемен және Семей қалаларында - 2 баладан, Ұлан, Глубокое және Зайсан аудандарында бір баладан суға ағып кеткен. 2019 жылы осы кезеңде ШҚО-да тек бір бала суға кеткен еді.

«Балаларды суға шомылуға жалғыз жібермеңіздер. Оларға тыйым салынған жерде суға түсуге рұқсат етпеңіздер. Балаларды жүзуге үйретіңіздер. Суда шомылғанда арнайы қауіпсіздік құралдарын – жеңқап және жилет кигізіңіздер», - деп шақырды құтқарушылар.


Соңғы жаңалықтар