«Ертіс» португал футболшысын сатып алмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның ЦСКА командасының португалиялық жартылай қорғаушысы Рубен Пинто «Ертіс» сапын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

26 жастағы футболшы павлодарлықтардың бас бапкері Димитар Димитров өз командасында көргісі келетін ойыншылардың бірі. Ол соңғы маусымды Болгария жоғары лигасында өткізді. Оған дейін өз елінде «Белененсеш», «Пасуш Феррейру» клубтарында, сондай-ақ «Бенфиканың» екінші командасында өнер көрсеткен. Бір айта кетерлігі, Рубен Пинто Португалияның барлық жастар және жасөспірімдер құрамаларында ойнаған. Ол жуық күндері «Ертіс» сапын толықтырады деген болжам бар.

Бұрын «Ертіс» басқа бір португалиялық футболшы - Уго Секуді алғаны хабарланған болатын. Бұдан тыс, павлодарлықтардың қатарына қақпашы Джурахон Бабаханов, қорғаушы Рафкат Асылан және хавбек Пірәлі Әлиевтер де келіп қосылған.

Еске сала кетейік, «Ертіс» соңғы турда Қостанайдың «Тобылымен» тең нәтижемен тарқасты.

Ал оған дейін Литваның «Тракаю» командасына өз алаңында есе жіберіп, Еуропа лигасынан шығып қалған болатын.

null

Соңғы жаңалықтар