«Ертіс» пен «Црвена Звезда» командаларының жанкүйерлері төбелесіп қалды

2017 жылғы 15 шілде, 04:01
«Ертіс» пен «Црвена Звезда» командаларының жанкүйерлері төбелесіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа лигасы аясында өткен кездесуден кейін «Ертіс» пен «Црвена Звезда» (1:1) командаларының жанкүйерлері төбелесіп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Ертіс» командасының Инстаграмдағы «Север» атты жанкүйерлер тобының мәліметі бойынша, павлодарлық команданың 13 жанкүйері мен сербиялық 25 жанкүйер жарты минуттай уақыт төбелескен. Одан соң сақшылар араласып, ажыратып алған.

Еске сала кетейік, «Црвена Звезда» командасының «Delije» жанкүйерлер тобының мүшелері Еуропада да танымал.

Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar