Ертіс өзенінің қазақстандық бөлігінде кемелер толассыз жүретін болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертіс өзенінің қазақстандық бөлігінде кемелер толассыз жүретін болады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзен көлігі саласында қазіргі уақытта Ресеймен екіжақты тасымалдарды кеңейту іс-шаралары қабылданып жатыр. 2021 жылдың өзінде өзен көлігімен 350 мың тонна қиыршық тас, құрылыс материалдарын тасымалдау жоспарланған. Қытаймен мультимодальдық қатынасты ұйымдастырылады. Бұл ретте Ертіс өзенінің қазақстандық бөлігі бойынша толассыз кеме қатынасын қамтамасыз ету үшін кеме қатынасы шлюздерін күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Ресеймен су көлігі қатынасын дамытуға өткен жылы Еуразиялық одақ аясында қабылданған Кеме қатынасы туралы келісімнің ратификациялануы ықпал етеді.

«Тұтастай алғанда, ішкі су жолдарында қабылданып жатқан шаралар 2025 жылға қарай өзен тасымалдарының көлемін 3,8 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар