Ертіс өзеніне суға кеткен студент қыздың денесі төрт күннен кейін табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Бүгін Ертісте суға кеткен 17 жастағы колледж студентінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгін 112 пультіне қайықтағы ер адамның Ақтоғай мен Тереңкөл аудандарының шекарасында, Шоқпар ауылынан сегіз шақырым жерде Ертіс өзенінде қалқып жүрген бойжеткеннің денесін көргені туралы хабар келіп түсті», - деді облыстық ТЖД.

Еске сала кетейік, 17 жастағы педагогикалық колледждің студенті 22 тамыз күні суға кеткен. Іздестіру жұмысына құтқарушылар, полиция мен еріктілер жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар