Ертіс өзеніне құрылыс қалдықтары төгілген

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда кәсіпкерге жалға берілген учаскеде құрылыста пайдаланылған қалдықтар Ертіс өзеніне тасталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүк тиеуші дүкенді салу үшін бөлінген жерге қоқыс төккен.

«Бүгін әлеуметтік желілерде Ертіс өзеніне құрылыс қалдықтары тасталғаны туралы видео тарады. Оқиға орнына жергілікті полиция мен Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері барды», - деп хабарлады Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қалалық әкімшіліктің мәліметтері бойынша Сәтбаев көшесі, 336/2 мекенжайында орналасқан учаскеде дүкен құрылысы жүргізілуде. Ауданы 0,1409 гектар жер 2020 жылы аукцион арқылы үш жыл мерзімге уақытша пайдалануға берілді. Аумақтың мақсаты – дүкен салу және оның қызмет көрсетуі.

«Құрылыс қоқыстарын өзенге тастау фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, меншік иесі абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ материал Экология департаментіне жолданатын болады», - деп толықтырды облыс әкімдігінен.

Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша, меншік иесінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама талон жоқ, сондықтан әкімшілік шаралар қабылдау үшін материалдар Павлодар облысының Қала құрылысы және жерді бақылау басқармасына берілетін болады. Бұл ақпаратты Павлодар облысының Полиция департаменті де растады.

«Сондай-ақ, құрылыс иесі жағалауды тазартатын болады», - деп атап өтті полициядан.


Соңғы жаңалықтар