Ертіс өзеніндегі мұзды жару жұмыстарынан бір адам жарақаттанып, үйлер зақымдалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Ертіс өзеніндегі кептеліп қалған мұзды жару жұмыстары кезінде көпқабатты тұрғын үйлерге зақым келіп, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Ертіс өзенінде мұз кептелістерін жою шаралары жүргізілді. Нәтижесінде өзен маңына жақын орналасқан Мирный кентіндегі 4 көпқабатты тұрғын үйге зақым келді. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Бірақ жарақат алғандар бар. Терезелері сынып, балкондары бүлінген тұрғындар шығынды жергілікті билік төлеп берсін деп отыр.

Оқиға орнына жеткен қалалық тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Аманай Өтельбаев тұрғындарды сабырға шақырып, шығынды өтеп беретіндерін жеткізді.

«Егер мүмкіндіктеріңіз болса, өздеріңіз жаңа терезе орнатыңыздар. Содан кейін бізге түбіртекті берсеңіздер, кеткен шығынды қайтарамыз. Немесе қазір осында «Технология Комфорта» ЖШС-нің мамандары келеді. Сынған терезе мен балконды өлшеп алып кетеді. Бірнеше күннің ішінде жаңа тереземен балкон орнатылады»,-деді Амантай Өтельбаев.

null 

Еске салсақ, бүгін таңертеңнен бері Ертісте мұзды жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұз кептелісінің салдарынан Ертіс өзені арнасынан шығып, тұрғын үйлерге қауіп төндіруде. Осыған байланысты құрылған жедел-штаб мүшелері кептеліп қалған сеңді жасанды жолмен жару керектігін шешкен еді.

null 

Соңғы жаңалықтар