Ертіс өзенінде сең жүрді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері Ертіс жағалауы бойында орналасқан кенттер мен саяжайларды тәулік бойы бақылауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы Держинский кенті Шорса көшесіндегі  тұрғын үйлерден суды сору және бөгет жасау, инертті материалдарды төгу жұмыстары жалғасып жатыр.  

Сондай-ақ бүгін Ертіс өзенінде кептеліп қалған сеңді жару жұмыстары басталды. Бұл үшін 3 тоннадан артық жарылғыш зат жеткізілді.

«Біз үшін сеңнің өздігінен жүргені жақсы. Ал жарылыс жұмыстарын мұз кептелген тұстарда жүргізіп жатырмыз», - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Анастасия Скляр. 

Айта кетейік, кеше Семейде орын алған су тасқынынан бір күн ішінде 160-тан астам адам қауіпсіз жерге  көшірілді. Барлығы эвакуациялық пункттерге орналастырылды.





null 

Ал су басқан Шемонаиха және Глубокое аудандарында су деңгейі төмендеп, қауіп сейілді.  Қазір суды сору жұмыстары жалғасуда. Құтқару қызметтері сонымен қатар Зырян және Қатонқарағай аудандарындағы жағдайды да бақылауда ұстап отыр. Кеше «Берел-Рахман қайнарлары» жолының бойында қар көшкінінің алдын алу жұмыстары  жүргізілді. Нәтижесінде 16 мың текше метр қар шығарылды.

Өскемен қаласындағы Дағдарыс орталығында 8 (7232) 55-38-19 сенім телефоны жұмыс істеуде. 

Соңғы жаңалықтар