Ертіс өзенінде қытайлар алтын өндіріп жатыр: Абай облысының әкімдігі мәлімдеме жасады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысының әкімдігі желіде қытайлық компанияның Ертіс өзенінде алтын қазып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешелі бері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бесқарағай ауданы Долон ауылындағы Ертіс өзенінде қытайлық компанияның Ертіс өзенінде алтын қазып жатқаны туралы ақпарат тарады.

Онда «Олар химиялық заттарды (цианит) пайдаланып жатыр. Сондықтан Ертіс өзенінде мүлде шомылмаңыздар» деп жазылған.

Осыған орай Абай облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.

«Ертіс өзенінің түбінде алтын кенін өндіру үшін ҚХР азаматтары келгені туралы ақпарат шындыққа мүлде сәйкес келмейді. Тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар