«Ертіс» ойыншысы жарақат алып, есінен танып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ертіс» командасының жартылай қорғаушысы Родриго Антонио «Қыранмен» матчта (3:0) шымкенттік клубтың ойыншысымен соқтығысып, басынан жарақат алды, деп хабарлайды Қазақпарат павлодарлық клубтың сайтына сілтеме жасап.

«Қыран» - «Ертіс» матчының 45- минутында павлодарлық клубтың жартылай қорғаушысы Родриго Антонио допты алу үшін қарсыластың командасындағы ойыншымен соқтығысып, ес-түсінен айырылды. Бразилиялық құлаған кезде, оған «Ертіс» футболшылары жүгіріп барды. Александр Кислицын зардап шегушінің аузына қолын тығып, тілін ұстауға тырысқан. «Ертіс» дәрігерлері Андрей Переход пен Александр Гайдуков ойыншыға алғашқы көмек көрсетті.

Тексеру қорытындысы бойынша, дәрігерлер жабық бас сүйек-ми зақымын, ми шайқалуын анықтады. Қазіргі таңда ойыншының жағдайы бірқалыпты, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Родриго командамен бірге Павлодарға қайтады. Ол барлық жанкүйерлерге қолдау білдіргендері үшін алғыс айтты.

«Бұл керемет нәтиже. Біз жауапты ойын күтіп тұрғанын ұмытқан жоқпыз. Жеңіс әлі алда. Соқтығысу туралы айтар болсақ, менің ештеңе есімде жоқ. Қиын болды. Бірақ, мұндай жағдай футболда жиі болады. Бұл біздің жұмысымыз. Қазір жағдайым жақсы. Мен сол сәттегі видеоны қарадым, бәрі қорқынышты көрінеді. Сондықтан, жағдайымның жақсы екенін хабарлағым келеді. Шынымды айтсам, жауапты ойынға қатысқым келеді. Бірақ, дәрігер не айтса, соны істеймін. Бардық жанкүйерлерге алғыс айтамын. Әсіресе, Шымкенттегі матчта болған жігіттерге рахмет. Олар бізді қиын сәтте қолдай білді», - деді бразилиялық.

Еске салайық, «Ертіс» Премьер-лига-2019-ға қатысу үшін бірінші матчта «Қыранды» 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Қарымта кездесу 20 қарашада Павлодарда өтеді.

Соңғы жаңалықтар