+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ертіс орманы» резерватындағы бес өрт ошағы сөндірілді

2021 жылғы 19 маусым 02:37
Бөлісіңіз:
Ертіс орманы» резерватындағы бес өрт ошағы сөндірілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында Ертіс орманы» резерваты аумағындағы тұтанған бес өрт ошағы сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында бір жасар бала су құйылған ыдысқа батып кетті Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясының жанында өрт шықты Түркияда өртенген үйлердің барлығы қайта салынады

18 маусымда 12 сағат 36 минутта Павлодар облысы Аққулы ауданының 101 желісіне «Ертіс орманы» орман қорында жану туралы хабарлама келіп түсті. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жіберілді. ҚазАваиа күзету қызметкерлері тікұшақпен ұшып өткеннен кейін, Баймбет орманшылығында бес жерде жану орын алғаны анықталды.

Өрт сөндіруге Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 техника, сондай-ақ «Ертіс орманы» орман қорғауынан 60 қызметкер мен 17 техника жұмылдырылды. Сағат 15-00-де барлық жану ошақтары толығымен сөндірілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT