Ертіс өңірінің жазғы лагерьлеріне Арыстан 170 бала келді
.jpg)
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысына келген Арыс қаласының оқушылар демалысты Ақсу қаласы мен Шарбақты ауданында өткізеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Болат Бақауовтың ұсынысы бойынша Арыс қаласының әскери бөлімінде снарядтардың жарылуы салдарынан зардап шеккен балалар жергілікті жазғы лагерьлерге шақырылған. Бірінші топпен 130 бала Павлодарға ұшақпен 27 маусымда, екінші топ 11 шілдеде пойызбен келді. Облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы демалуға келген балаларды перронда қарсы алды.
«Облыс әкімі уәде бергендей, біз 300 баланы қабылдадық. 100 бала Ақсу қаласында «Қазхром» ТҰК АҚ «Ферросплавщик» орталығына, қалған 70 бала Шарбақты ауданының «Чайка» сауықтыру лагерінде демалады»,- деді Асхат Оралов.
Аймақ басшысының шақыруымен бұған дейін Арыс қаласынан келген 130 бала қазіргі таңда Баянауыл ауданында демалуда.
«Олар тек демалып қана қоймай, біздің өңірдің тарихымен және табиғатымен танысады. Екінші топ үшін Баянауылға экскурсия ұйымдастырады»,- деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары. Дінислам Болатханұлының айтуынша, лагерьдегі жазғы маусым 15 күнге созылады, бірақ балалардың қалауы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Білім басқармасының деректері бойынша, балалардың тұруы бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен қамтамасыз етілді. Арыстан балалармен бірге тоғыз адам келді: мұғалімдер, әлеуметтанушылар және тәрбиешілер.
Сауықтыру лагерлерінде демалудан басқа, балаларға Павлодардың мұражайлары мен мәдени-демалыс орындарын көрсету жоспарланып отыр.
«Бізді Көкшетауға, Өскеменге шақырды, бірақ біз Павлодарды таңдадық», - дейді Арыс қаласының тәрбиешісі Салтанат Орынбасарова. «Үйлерді қалыпқа келтіргенге дейін екі апта бойы демалуға келгеніме өте қуаныштымын. Бұл уақытты көңілді және пайдалы өткізетінімізге сенімдімін. Менің үш балам бар, олардың екеуі менімен келді. Бұл облысқа алғаш рет келіп отырмыз. Бізде өте ыстық, ал мұнда салқын болса да, ауа райы өте жақсы».
- Шымкентте жыр мүшәйрасы өтіп жатыр
- Шымкенттегі орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті
- Ақсуда 200 орындық жатақхана пайдалануға берілді
- Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарын көшіруге дайын
-
Бақытжан Сағынтаев жастардың Алматыдан неге кеткісі келмейтінін айтты
-
Қазақстандық зейнеткерлер жеке табыс салығынан босатыла ма
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам