Ертіс өңірінің 20 қариясы бата беруден сынға түсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс орталығындағы жастар бастамаларын дамыту орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Батаменен ел көгерер» байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Байқаудың мақсаты - бата беру дәстүрін қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі ретінде кейінгі ұрпаққа үлгі ету, халық шығармашылығын насихаттау.null

Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев байқауды ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. «Бата беру дәстүрінің тәрбиелік маңызы өте зор. Бүгінгі іс-шара халқымыздың ұлттық сана-сезімін жаңғыруына үлкен көмек көрсетеді» деді Мейрам Бегентаев. «Құрметті қариялар, сіздердің берген баталарыңыз Жастар жылы аясында өте маңызды, жастар сіздердерден үлгі-өнеге алулары керек. Берген баталарыңыз қабыл болсын».null

Іс-шараны ұйымдастырған ұйым - облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абылай Жантөриннің айтуынша, байқау тұңғыш рет өткізіліп отыр және бұл республикалық сайысқа іріктеу кезеңі болып есептеледі.

«Бүгін өңірдің барлық қалалары мен аудандарынан 20 батагөй ақсақал қатысуда. Қазылар алқасына өңіріміздің белгілі ақын-жазушы, журналистеріміз бен қоғам қайраткерлерін шақырдық. Сол кісілердің көмегімен анықталған байқау жеңімпаздары наурызда Астанада өтетін республикалық сайысқа жолдама алады. Сонымен бірге бүгінгі жүлдегерлерімізге сыйлықтарымыз да бар»,- деді Абылай Жантөрин.null

Қазылар алқасына енген Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлының сөзінше, жасы үлкен адамдардан бата алу - салт-дәстүрімізге, шариғатқа сай ұғым. Бата ұғымы көптеген халықтарда бар болғанымен, қазақ халқында ерекше орынға ие болған.

Конкурс нәтижелері бойынша бас жүлдені павлодарлық Балтабай Сыздықов ұтып алды. Бірінші орын екібастұздық Сайлау Байбосынға бұйырса, екінші орынды Бейсенбі Мұқажанов пен Бақытжамал Елеукенова иеленді. 18 қатысушы арнаулы жүлдеге ие болды.

null

Соңғы жаңалықтар