Ертіс өңірінде өткен тәулікте үш адам суға батып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінде өткен тәулікте үш адам суға батып кетті. Алдын ала дерек бойынша барлығы мас күйде болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті.

- 5 тамыз күні сағат 16:32-де Екібастұздың ауылдық аймағында Қ.Сәтпаев атындағы арнадан куәгерлер 1983 жылғы ер адамның денесін алып шыққан. Болжам бойынша ол мас күйде суға шомылған.

Сонымен қатар, Павлодарда кеше екі адам кешкі уақытта Ертіс жағасында демалып жүріп суға кетті.

Департаменттің мәлімдеуінше, шамамен сағат 19:30-да 48 жастағы әйел адам суға батып кеткен. Оны құтқаруға ұмтылған ер адамдардың бірі көз жұмды.

Алдын ала дерек бойынша, олар да мас күйде болған. Батып кеткендерді іздеумен екі жүзуге арналған құрал арқылы тоғыз құтқарушы айналысты. Айта кетейік, екі жағдай да шомылуға арналмаған жағалауда орын алған.

Соңғы жаңалықтар