Ертіс өңірінде «Бизнестің жол картасы» шеңберінде 1 896,3 млн теңге бөлінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - 2018 жылы Ертіс өңірінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 896,3 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде 1 807,3 млн теңге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, 46 млн теңге несие бойынша кепілдік ұсыну және 43 млн теңге гранттық қаржыландыруға бағытталған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Шаймарданов айтты. -    Жыл басынан бері кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің 13 отырысы өтті, - деді Данияр Шаймарданов. - Нәтижесінде 263,84 миллион теңгеге жеті жоба мақұлданған.  «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ қаржы агенттігімен 24,1 миллион теңгеге қаржыландырылған. Сонымен қатар, 2017 жылы жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бойынша 239,74 миллион теңгеге үш жоба мақұлданған. Аталған жобалар жергілікті бюджет есебінен биыл жүзеге асырылады».

 Спикердің айтуынша, Павлодар ауданының Жаңа қала ауылында «Жаңа қала» ШҚ» ЖШС су таратқыш, электр тарату желілерін қосуға, суландырғыш жүйесіне кешенді трансформаторлық қосалқы станциясын орнатуға  166,9 млн теңге қарастырылған. Өңірлік үйлестіру кеңесінде жергілікті бюджет есебінен ұзындығы 1,6 шақырым су құбыры мен сорғы  станциясының құрылысына 98 млн теңге, электрмен қамтамасыз етуге 68,9 млн теңге бөлуге келісім берілген. 

Соңғы жаңалықтар