«Ертіс» футбол клубының директоры қызметінен босатылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Ертіс» футбол клубының директоры ауысты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бүгін Павлодарда ауқымды ауыс-түйіс болды. Облыс әкімдігі «Ертістің» бірінші айналымдағы сәтсіздігі үшін қызметінен босатылып үлгерген бапкер Димитар Димитров қана емес, клуб басшылығы да жауапқа тартылуы тиістігін шешті.

Осылайша, «Ертіс» ФК директоры Ардақ Торсықбаев пен Павлодар облыстық Футбол федерациясының президенті-аймақ әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қызметтерінен босатылды.

Торсықбаевтың орнына жергілікті маман Серік Омархан келді. Ал президент лауазымы бұған дейінгі жылдары клубтың спорттық директоры болып еңбек еткен Ойрат Сәдуовқа жүктелді.

Соңғы жаңалықтар