«Ертіс» футбол клубы үздік логотипке байқау жариялады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы ең үздік жаңа логотипті анықтау үшін шығармашылық байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Байқаудың мақсаты - «Ертіс» футбол клубының имиджін жаңартуға және тарихын танытуға септігін тигізетін жаңа логотипті ұсынатын үздік жобаларды анықтау», - деді клубтың баспасөз қызметіндегілер.

Белгілі болғандай, павлодарлық футбол клубының келешектегі жаңа логотипі көк және ақ түстерден, клубтың атауынан, команданы танытатын нақыштар мен әріптерден, сондай-ақ, бес чемпиондық титулдар түріндегі жетістіктерден тұруы керек.

«Логотип ерекше, өзгелерге ұқсамайтын болса дейміз. Бөтен идеяларды пайдалануға қатаң тыйым салынады», - деді «Ертіс» ФК өкілі.

Эскиздер 10 тамызға дейін қабылданады. Байқау нәтижесі тамыз-қыркүйек айларында жарияланатын болады. Жеңімпазға 50 мың теңге көлемінде сыйақы және «Топ Стар Atrium» фитнес клубына баруға бір жылға шектеусіз абонемент беріледі.

Соңғы жаңалықтар