«Ертіс» ФК сапына екі футболшы келіп қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ертіс» футбол клубы қатарына екі футболшыны қосып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Павлодарлық ұжымның сапын толықтырған екеу - 34 жастағы жартылай қорғаушы Пірәлі Әлиев және 24 жастағы Рафкат Асылан.

Бұрын бірқатар қазақстандық командаларда өнер көрсеткен Пірәлі Әлиев бұған дейін де - 2015-2017 жылдары «Ертісте» ойнаған еді.

Рафкат Асылан бұрын «Тобыл», «Ақтөбе» және «Атырау» командаларында өнер көрсеткен.

Еске сала кетейік, осы аптада «Ертіс» еурокубоктардан шығып қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар