«Ertis cinema» халықаралық кинофестивалінің үздіктері анықталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - 11-14 шілде аралығында Павлодарда І Халықаралық «Ertis cinema» қысқаметражды кино және деректі фильмдер кинофестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы кинофестиваль барысында 20 елден 100-ге жуық фильмдер көрсетілген.

«Ertis cinema» кинофестивалінің бас жүлдесі (деректі фильмдер арасында) қазақстандық режиссер Евгений Лумповтың «Жол» фильміне бұйырса, қысқаметражды фильмдер арасында ресейлік режиссер Алексей Соколовтың «Жөке шайы» фильмі үздік деп танылды.

Ал Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм АҚ түсірген «Өйткені жақсы көремін» атты деректі фильм көрермендер көзайымы жүлдесімен марапатталды.

Туынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген. Аталған деректі фильм Қазақстанда ұлтаралық некеде тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқан отбасылар туралы баяндайды.

«Павлодарлықтарға және қала қонақтарына осы жүлде үшін алғысымызды білдіреміз. Бізге сеніп, осы фильмді түсіруге қолдау білдірген «Қазақфильм» киностудиясының «Деректі кино және киношежірелер» шығармашылық бірлесітігінің жетекшісі Әсет Ерназаровқа, сондай-ақ бізге  бағыт-бағдар берген ұстазымыз Әсия Байғожинаға алғысымыз шексіз,- деді фильмнің сценарий авторы Надира Садуова.

Айта кетерлігі, І Халықаралық «Ertis cinema» қысқаметражды кино және деректі фильмдер кинофестивалі «Павлодар облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өткізіліп отыр. Фестивальді режиссер Людмила Лебедева, журналист Салауат Игіліков, павлодарлық журналист және кинотанушы Людмила Баюшева ұйымдастырған.

null

Соңғы жаңалықтар