«Ертіс» 2019 жылға футболшыларды іріктеп жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының басшылығы «Ертіс» футбол клубының алдына турнирлік кестенің алдыңғы «үштігінде» болу міндетін қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір футболшыларды іріктеп жатырмыз. Білесіздер ме, өткен жылы біздің бапкеріміз Димитар маусым басталған кезде онымен үш жылға келісімшартқа отыру мәселесін көтерді. Бірақ біз басқа шешім қабылдадық: өзге бапкерді жалдадық. Алайда, онымыз  дұрыс болмады», - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Мәлім болғандай, бүгінде «Ертіс» футбол клубының бюджеті 2 млрд 450 млн теңгені құрайды. Және Б.Бақауов атап өткендей, бұл - лайықты қаржыландыру, тек «дұрыс ойнап, жаттықтыру қажет».

«Қазір «Ертіс» Премьер-Лигада. Біз Димитарды қайта шақырдық. Бірақ ол әзірге нәтиже көрсете алмады. Яғни Димитар келгеннен кейін және алты футболшы ауыстырылғаннан кейін де біз алты ойын қатарынан жеңіліп қалдық. Бүгінде «Ертістің» алдында қарыз мүлдем жоқ. Біз қаржыландыруға дайынбыз, ол бойынша да бар мәселе шешілген. Қазір 2019 жылға футболшыларды іріктеуді жүргізіп жатырмыз», - деді аймақ басшысы.

Облыс басшылығы футбол клубының алдына турнирлік кестенің алдыңғы «үштігінде» болу міндетін қойып отыр.

Авторы Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар