+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Ертеңнен бастап Түркия, БАӘ, Украинаға ұшатын әуе рейстері қысқарады

2020 жылғы 20 қазан 10:28
Бөлісіңіз:
Ертеңнен бастап Түркия, БАӘ, Украинаға ұшатын әуе рейстері қысқарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Air Astana компаниясы күзгі-қысқы навигация кезеңінде халықаралық рейстерді кейбір өзгерістермен жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 21 қазанынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес Air Astana Түркия, БАӘ, Украина және Германияға халықаралық рейстер санын азайтады. Осылайша, Ыстамбұлға ұшудың апталық жиілігі 16-дан 12-ге, Дубайға - 12-ден 8-ге, Киевке - 3-тен 1-ге, Франкфуртқа - 6-дан 4 рейске дейін төмендейді. Әуе компаниясы Шарм-Эль-Шейх пен Мальдив аралдарына чартерлік рейстер жасамақ. Ішкі рейстер кестесі өзгеріссіз қалады», - деп хабарлайды компаниядан.

Әуе компаниясының президенті Питер Фостер әлем елдерінің үкіметтерінің вирустың таралуын тоқтатуға арналған әрекеттерін қолдайтынын жеткізді.

«Саяхаттау, туристік және рекреациялық индустрия - бұл әлемдік экономикалық қызмет пен жұмыс орындары ұлғаюының қуатты генераторы. Бұл салалардың 2021 жылдың басында толығымен жандануы өте маңызды, әйтпесе қаржылық және әлеуметтік салдары ұлттық экономика үшін де, адамдардың өмірі үшін де өте ауыр болады. IATA мен біз толық мүше болған Asia Pacific Airlines қауымдастығының (AAPA) хаттамаларына сәйкес халықаралық рейстермен ұшпақ жолаушыларды COVID-19 анықтайтын тестілеу осындай қайта іске қосуы үшін маңызды деп санаймыз», - дейді ол.

IATA зерттеулеріне сәйкес, ұшақ салоны коронавирус инфекциясына қарсы басқа қоғамдық орындармен салыстырғанда ең қауіпсіз. Ал ПТР тестілері мен борттық маскалар инфекцияның таралуымен күресудің тиімді әдістері. Сонымен, 2020 жылдың басынан бастап тасымалдау кезінде инфекцияның 44 оқиғасы тіркелген. Осы кезеңде 1,2 млрд жолаушының тасымалданғанына қарамастан, бұл орташа есеппен 27 млн жолаушыға 1 оқиға.

Еске сала кетсек бұған дейін Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ел өңірлеріндегі шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілетіні хабарланған болатын. Комиссия шешіміне сәйкес Қазақстан коронавирусқа қатысты ахуалы нашар елдерге әуе рейстерін қысқартады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT