Ертеңнен бастап Ақтөбе әуежайының жұмысы қайта жанданады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең Ақтөбе қаласының әуежайы жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің шешіміне сәйкес Ақтөбе әуежайы 2022 жылғы 28 наурыздан бастап жұмысын қайта бастайды.

«Бұрын орындалатын барлық ішкі және халықаралық рейстер кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Әуе билеттерді айырбастау, қайтару, ұшу уақытын ауыстыру бойынша барлық мәселелер бойынша оларды сатып алған жерге хабарласу қажет екенін естеріңізге саламыз», - деп жазылған әуежайдың Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, хабарламада биыл Ақтөбеден жаңа әуе бағыттарын ашу жалғасатыны айтылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталған әуежайдың 2 аптаға жабылатыны хабарланды.

Әуежайыдың ұшу-қону алаңы зақымданып, басқарма төрағасы Дастан Малиев жөндеу жүргізілетінін айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар