Ертең Заречный тұрғын алабындағы Елек өзенінен өтетін көпір ашылады

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ертең Ақтөбе қаласы Заречный тұрғын алабындағы Елек өзенінен өтетін көпір ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, 22 қыркүйекте Елек өзені үстінен өтетін көпір жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылып, көліктер Сүт зауыты шағын ауданындағы айналма жол арқылы жүріп жатқан болатын.

Бүгін көпірдегі жөндеу жұмысының барысын Ералы Тоғжановтың өзі барып көрді. Қала әкімі Асхат Шахаров пен мердігерге таңға дейін көпір үстін толық тазалап, жол үсті сызбаларын жасап, таңертең ашуды тапсырды.

Айта кетейік, бұл ағымдағы жөндеу болғандықтан, көпір үстіндегі шұңқырлар бітелді.

Күзгі құбылмалы ауа райына байланысты жолды толығымен күрделі жөндеу мүмкін емес. Жүк көліктері көп қатынайтын маңызы бар жол болғандықтан, көпірді ұзақ уақытқа жабу жол қозғалысына кері әсерін тигізеді.

Келесі жылы аталмыш жол толығымен мердігер ұйыммен кепілдік міндеттемелер шеңберінде күрделі жөндеуден өтеді.


Соңғы жаңалықтар