Ертең ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясы өтеді
2022 жылғы 9 қаңтар 23:46

Ертең ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс сессиясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқосу онлайн форматта ұйымдастырылады.

«Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сесиясы онлайн форматта өтеді. Сол жиында Президент еліміздегі ахуал бойынша әріптестеріне толыққанды мәлімет береді. Ақорданың ресми сайтынан ақпарат күтіңіздер. Президент айтпақшы, жалған ақпараттарға сенбей, тек қана ресми мәлімет көздеріне сеніңіздер дегім келеді», - деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің басшыларынан ел аумағындағы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұраған болатын.

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгер күштері Қазақстанға қысқа мерзімді кезеңге келгенін атап өтті.

Бүгін «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері бір аптаның айналысында елден қайтатынын мәлім етті.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT