+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ертең түркі тілдес елдер оқу орындарының онлайн концерті өтеді

2020 жылғы 1 маусым 21:16
Бөлісіңіз:
Ертең түркі тілдес елдер оқу орындарының онлайн концерті өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде түркі тілдес елдер оқу орындарының онлайн концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім. Ғылым. Бауырластық». 2 маусым күні осындай атаумен түркі тілдес елдері жоғары оқу орындары өнерпаздарының концерті өтеді. Бұл жөнінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мақсат – түбі бір туысқан мемлекеттердің білім, ғылым және мәдени ынтымақтастығының дамуын арттыру, талантты жастарға қолдау көрсету. Шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Түркияның Нигде Өмер Халисдемир университеті және Қырғыз Республикасының Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің өнер ұжымдары қатысады» делінген хабарламада.

Сонымен қатар концерт барысында аталған жоғары оқу орны өкілдері өзара әріптестік байланысты дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар төңірегіндегі ақпаратпен бөліседі.

Айта кетейік, онлайн концерт Қыздар университетінің YouTube желісіндегі ресми арнасында тікелей эфирде өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT