Ертең Шығыс Қазақстанда бұршақ жауып, қатты жел тұрады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 23 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде бұршақ жауатынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, сәрсенбі күні Шығыс Қазақстанда жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін үдейді. Кей жерлерде жаңбыр бұршаққа ұласып, 23-28 м/с жылдамдықпен қатты жел тұрады деп күтілуде.

«Бүгін ауа температурасы 27 градусқа дейін жетіп, мамыражай күн райы тұрғанымен, ертең таңнан бастап жаңбыр жауады деген болжам бар. Өскеменнің өзінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болмақ» - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

Соңғы жаңалықтар