Ертең Щучинскіде бокстан әйелдер арасында ҚР чемпионаты басталады
2021 жылғы 7 желтоқсан 23:11

Ертең Щучинскіде бокстан әйелдер арасында ҚР чемпионаты басталады

ЩУЧИНСК. ҚазАқпарат - 8-12 желтоқсан аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Щучинскідегі жарыста наурыз айында өтетін әлем біріншілігіне аттанатын негізгі құрамды анықтаймыз. Жыл сайын жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Бұл алдағы буын ауысу кезеңінде жақсы әсер етері сөзсіз. Жастардың бәрі де жеңіск құштар, өз мүмкіндіктерін күтіп отыр», - деп келтіреді команданың бас бапкері Шамиль Сафиуллиннің сөзін ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.

Оның пайымынша, жас спортшылар елдің үздік боксшыларына бәсекелестік таныта алады.

«Өйткені, еліміздегі бәсекелестік деңгейі айтарлықтай жоғары. Осы орайда, Ұлттық Олимпиада комитеті мен Бокс федерациясының еңбегін жоғары бағалаймын. Боксшыларымыздың жалақысы да жақсы. Мұның бәрі үлкен роль ойнайды. Біздің алдымызда тек ел намысын абыроймен қорғау мақсаты тұр», - деді бас бапкер.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT