Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

«Ертең, яғни 26 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ» деп жазды Берік Уәли.

Аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.


Соңғы жаңалықтар