Ертең Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 13 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне бейнебайланыс форматында қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылғандай, саммит барысында дамушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін шешу үшін күш-жігер біріктіру перспективаларын талқылайды.


Фото: akorda.kz




Соңғы жаңалықтар