Ертең Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауы өтеді

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда тыныштық күні орнады, кандидаттардың сайлауалды үгіттеуі 3 қазан түнінде аяқталған. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл күні саяси партиялардың үгіттеу науқанын өткізуге құқығы жоқ.
Сондай-ақ, үгіттеуді Қырғыз Республикасындағы ОСК үгіттеу үшін аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-басылымдардың да үгіт жүргізуге құқығы жоқ.
Тыныштық күнін бұзу жағдайында ОСК сайлау процесінің қатысушылары бұзушыға қатысты шаралар қолдануға құқылы.
Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау 2020 жылдың 4 қазанына белгіленген.
Оған барлығы 16 партия қатысып отыр: «Ата-Мекен», «Бир-Бол», «Биримдик», «Замандаш», «Қырғызстан», «Мекенім Қырғызстан», «Мекенім Ынтымағы», «Мекенчил», «Ордо», Ауған соғысындағы ардагерлер мен басқа да жергілікті жауынгерлік ұрыстарға қатысушылар партиясы , «Республика», «Реформа», «Социал-Демократтар», «Чон Казат», «Ыйман Нуру», «Бутун Қырғызстан».
Сайлауға 3 млн 523 мың. 554 сайлаушы тіркелген. Елдің Сыртқы істер министрлігінің желісі бойынша, шетелде 32 мың 602 адам дауыс береді.
Еске салла кетсек, Қазақстан Республикасының сенаторлары Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауды байқауға қатысады.- Қырғызстан: Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
- Садыр Жапаров Қырғызстан Президенті ретінде ресми тіркелді
- Президент бастамалары мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген - сарапшы
- Президент бастамалары партиялар жұмысын жандандырады - Төлеутай Рақымбеков
-
Қырғызстан министрі павлодарлық полицейлерге алғыс жолдады
-
Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам