Ертең Қазақстанда телеарналар мен радио жұмыс істемейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 19 шілде Қазақстанда телеарналар мен радио жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Осыған байланысты 19 шілде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын тарату өшіріледі.


Соңғы жаңалықтар