Ертең елордада бірнеше көше жөндеуге жабылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орташа деңгейдегі жол жөндеу жұмыстарына байланысты елордада бірнеше көше жабылады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім болғандай, 10 маусымнан бастап мына бағыттағы жолдар ішінара және толық жабылады:

1. Жеңіс даңғылы 10-12 маусым аралығында С.Сейфуллин – Жеңіс және Ә.Жангелдин – Жеңіс көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы кезең-кезеңімен жабылады.

2. Тұран даңғылында 10-20 маусым аралығында Сарайшық көшесінен бастап Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскеде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады.

3. А.Тоқпанов көшесінде 10-12 маусым аралығында Саргүл көшесінен бастап Современников көшесіне дейін және В.Высоцкийден Г.Әлиевке дейінгі аралықта көлік қозғалысына ішінара тыйым салынады.

4. Біржан Сал көшесінде 10-13 маусым аралығында І.Есенберлин көшесінен бастап В.Гетеге дейінгі учаске толық жабылады.

5. Мәңгілік ел даңғылында 11-20 маусым аралығында Ә.Кекілбаев көшесінен Ф.Оңғарсынова көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады.

Қалалық басқарма кептелісті болдырмау мақсатында елордалықтарға өз маршрутын алдын ала жоспарлап, осы шектеулерді ескеруге шақырды.


Соңғы жаңалықтар