Ертең астанада велосипедшілер шеруі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең елордада жаңа веломаусымның ашылуына орай велосипедшілер шеруі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Шараға тілек білдірген барлық азамат қатыса алады.

Қатысушыларға екі түрлі дистанция ұсынылады:

- кіші қашықтық – 3 км. Шеру Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында басталып, осы жерде мәреге жетеді;

- үлкен қашықтық – 20 км. Шеру айналма жолдағы велотрассадан (Қосшы қаласына қарай жол бойында) басталып, Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында аяқталады.

Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 28 мамыр күні сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін жалғасады. Басталу уақыты – сағат 10:00.

Әкімдік мәліметіне сәйкес, велошеру спорттық жарыс саналмайды. Басты мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау және азаматтарды дене шынықтырумен, яғни велоспортпен белсенді шұғылдануға тарту.


Соңғы жаңалықтар