Ертең Астанада білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық комиссия өз жұмысын бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық комиссия 2015 жылдың 5 тамызында өз жұмысын Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың төрағалығымен бастайды.

Салалық ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы жылдың ішінде ҚР БҒМ-де студенттік контингентті іріктеу және қалыптастыру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Отырыста оқушыларды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша дайындық жұмыстарының қорытындыларын шығару жоспарланып отыр.

Комиссияның құрамына республиканың мемлекеттік органдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Азаматтық альянс, білім қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары кіреді.

Соңғы жаңалықтар