Ертең Астана мен бірнеше өңірде сабақ онлайн өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 10 қаңтар күні Астана мен бірнеше өңірде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады.

Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі.

Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар үйден білім алады.

Еске салайық, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 10 қаңтар күні бірқатар өңірде аяз күтіледі. Маңғыстау облысында ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендейді. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы дизель отынымен жүретін көліктер мен жолаушылар автобустарының қозғалысына тыйым салынатынын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар