Ертең алматылықтар жаппай жүгіруге шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең алматылықтар жаппай жүгіруге шығады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Шара таңғы сағат 9:00-де Тұңғыш Президент саябағында басталады.

Аталған флешмобтың ерекшелігі, оған қазақ спортының аты аңызға айналған жұлдыздары қатысады. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропаның екі дүркін чемпионы Серік Нұрқазов, Азия, Африка, Австралияның шөл далаларын жалғыз басып өткен, жеті рет Гиннес рекордын жаңартқан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев, Қазақстаннан шыққан тұңғыш триатлоншы Бауыр Карипов, альпинист, әлемдегі 14 сегіз мың метрлік шыңды бағындырған тұңғыш қазақ Мақсұт Жұмаев, спорт шебері Мұратхан Тоқмәди, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, Қазақстан триатлон федерациясының президенті Нұриддин Даузов 3 және 10 шақырымдық қашықтықты бағындырады.

Олармен бірге кез-келген алматылық жүгіруге қатыса алады.

Аталған шараға байланысты ертең әл-Фараби көшесінің шығыс бағыты таңғы сағат 9-дан түскі сағат 13:00-ге дейін жабық болады.

Соңғы жаңалықтар